Сен кетерсің бір бақыт,
Жүрегімді жылатып.
Бейкүнә жас жүрегім,
Қалды сені ұнатып...
Сен кетерсің тым жырақ,
Ұмытпаймын мен бірақ.
Кеудемде көп толғаныс,
Жүрегімде мың сұрақ...
Қайырмасы:
Кетпе жанымнан кетпе,
Кетпе жалынам кетпе.
Кетсең жараланады жүрегім,
Кетпе жанымнан кетпе.
Кетпеші көгімде сен,
Нұрын төгер күнімсің.
Жүрегімнің төрінде,
Еркелеген гүлімсің.
Кетпеші жалынамын,
Мәңгілік серігімсің.
Кеудемде жалындаған,
Нәп-нәзік жүрегімсің...
Қайырмасы:
Кетпе жанымнан кетпе,
Кетпе жалынам кетпе.
Кетсең жараланады жүрегім,
Кетпе жанымнан кетпе.