Бастасақта бірге бақтың күшін,
Тәңір бізге мұң сыйлады тосын!
Бір кездері достасып ек үнсіз,
Бір мезетте қоштастық-ау сосын!
Жастық жыры жанарыңда мұңлы,
Соны көріп қайғы жанға сіңді.
Өз-өзіңмен жұбаналмай жүріп,
Сезіміңмен жұбатасың кімді?
Жүрегіме сезім мұңы батты.
Махаббаттың азабы да тәтті,
Қаққан есік ашылмаса мейлі.
Ашқан есік жабылмасын қатты
Қатты,қатты,қатты,қатты