Өмір күндерменен күндер жалғасқан
Өмір мұңменен шаттық алмасқан
Сағым болып қалған
Өмір сүйікті етіп сүюді үйреткен
Көңіл құлазиды кейде неліктен
Сырлары көп жалған…
Өмір
Саған құштармын
Самғап ұшармын
Ақ бұлттай арманға
Махаббат үні талмайтын жараланбайтын
Болса жалғанда
Кейде жаз көктем боп
Тым өктем боп
Дауылдатсаңдағы өмір
Ризамын мен саған
Ғашықпын мен саған
Аялаймын бағалаймын
Тағдыр тек жылатпа
Арманның жолында
Мені қолдашы өмір құлатпа
Қателесіп өкіндіріп
кешірім сұратпа